Бүгін, сәуірдің 16-сы күні ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы еліміздің педагог-шебер санатындағы мұғалімдерімен онлайн (zoom форматында) кездесу өткізді.
Облысымыздан барлығы 119 педагог жиналған жиынға біздің мектептің 11 ұстазы қатысты. Кездесу барысында әр облыстың педагог-шеберлері сөз алып, білім ошақтары мен оқушы және ұстаздарға жасалып жатқан игі істерімен, тәжірибелерімен бөлісті.
Атап өтейік, онлай кездесуге қатысу үшін БҚО ұстаздары арнайы біздің Сәкен мектебіне келді.