Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«IELTS ағылшын тестін жоғары баллға тапсыру стратегиясы. IELTS емтиханының беретін мүмкіндіктер» тақырыбында 8-9-сынып оқушыларына арналған кездесу өтті

Бүгін, 16 сәуір күні мектебімізде «IELTS ағылшын тестін жоғары баллға тапсыру стратегиясы. IELTS емтиханының беретін мүмкіндіктер» тақырыбында 8-9-сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Кездесу қонағы- IELTS эксперт, Damu Academy оқу орталығының директоры Айешев Аян Рамильевич.

Аян Рамильевич кездесу барысында IELTS ағылшын тестін жоғары баллға тапсыру стратегиясы мен техникалар туралы және осы емтиханның беретін мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат берді. Сондай-ақ дайындалуға тиімді сайттар тізімін ұсынып, бірінші кезекте оқулықтармен дайындалу туралы керектігін де атап өтті.

IELTS шетелге оқуға түсу үшін міндетті емтихан, оған қоса ҰБТ-да ағылшын таңдаған жағдайда, IELTS тапсырса, 50/50 максималды балл беріледі. IELTS тапсыру Назарбаев университеті үшін міндетті, оның үстіне МНУ (Мақсұт Нәрікбаев университеті), КБТУ, КИМЭП сияқты университеттер IELTS-ті талап етеді.

Ұйымдастырушы: Кәсіби бағдар беруші педагогы: Исказиева Карлыгаш Адиевна

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44