Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«Ақжібек» қыздар клубының кезекті жиналысы

Бүгін, 17 сәуір күні мектебімізде «Ақжібек» қыздар клубының кезекті жиналысы өтті. Мақсаты - жыныстық тәрбие туралы ой қозғап, сенімді ақпарат беру, өзін және басқаларды құрметтеуге үйрету; Денсаулығына қамқорлық жасап, саналы шешім қабылдауға дағдыландыру. Жиналысқа арнайы мамандар: «Салауатты өмір салты» орталығының дәрігері Саргелек Жазира Нурыбекқызы және «Уромед» клиникасының гинекологы Жантілеуова Жанагүл Жайтлеуовна шақырылды. Дәрігерлер оқушыларға гигиена, жұқпалы аурулар жөнінде ақпараттар айтып, кеңес берді. Жиналыс соңында мектеп психологі Н.М.Кадырова көңіл-күйді көтеретін тренинг өткізіп, оқушыларымыз жиыннан жағымды эмоциямен тарасты.
Ұйымдастырған: «Ақжібек» қыздар клубының жетекшісі А.Е.Сагингалиева.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44