Бүгін, 18 сәуір күні 9-11(12) сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың «Құқық негіздері» пәні бойынша үздіктері марапатталды.
Біздің мектебіміздің оқушысы Мүтиғолла Шұғыла да (жетекшісі-Рахметов Амантай Орынғалиұлы) үздіктер қатарынан көрініп, 11-сынып бойынша І дәрежелі дипломды қанжығасына байлады, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің грант иегері атанды.
Білім додасында жеңіс тұғырынан көрініп, облыс және мектеп мерейін асырған дарынды оқушымыз бен жетекшісі А.О.Рахметовты шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін-қажырлы еңбек ақталған күн! Жеңісті күндеріміз әрі қарай жалғасын таба берсін.