Сәуірдің 18-і күні, мектебіміздің спорт залында кәсіби бағдар беруші К.А.Исказиева және мектеп психологтары Н.М.Кадырова, Ж.Ж.Ильясованың ұйымдастыруларымен «Жақсы көңіл-күй жан жадыратады» тақырыбында тимбилдинг өтті. 11-сынып оқушыларына арналған көңілді шараның мақсаты-оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, көңіл-күйді көтеру, бірін-бірі жақсы түсінісуге ықпал жасау. Тимбилдинг барысында қызықты спорттық ойындар, командалық жарыстар ойнатылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жағымды эмоция сыйланды.