Бүгін, 24 сәуір күні дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңі қашықтан өтті.
Байқауға «Тірі ғаламшар» номинациясы бойынша қатысқан мектебіміздің дарынды оқушысы Кабаева Агила (жетекшісі: Ж.Негметов) жүлделі ІІ орынды иеленіп, жеңімпаздардың қатарынан көрінді.
Жас суретшіміз Кабаева Агила мен жетекшісі Жәдігер Меңдақұлын жүлделерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!