Республикалық олимпиада нәтижесі бойынша қоржынымызға тағы бір жүлде қосылды.
Бүгін, 24 сәуір күні 9-11(12) сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың «Ағылшын тілі» пәні бойынша үздіктері марапатталды.
Біздің мектебіміздің 10-сынып оқушысы Аблхарисов Арсен (жетекшісі-Уразалина Мейрамгүл Ерғалиқызы) үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, British Council ұйымы тарапынан халықаралық тест тапсыруға арналған сертификат иегері атанды.
Білім додасында жеңіс тұғырынан көрініп, облыс және мектеп мерейін асырған дарынды оқушымыз бен білікті жетекшісі М.Е.Уразалинаны шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңісті күндеріміз жалғасын таба берсін.