Сәуір айының 23-25 күндері БҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Айбын-2025» әскери-патриоттық жастар жиыны өткен болатын. Сайысқа қатысқан мектебіміздің жас сарбаздары табандылықтарының арқасында төмендегідей үздік нәтиже көрсетті:
«АК-74 бөлшектеу және жинақтау» сайысы бойынша Амангелдиева Азиза Имантаевна- І орын;
«АК-74 бөлшектеу және жинақтау» сайысы бойынша Төлеу Руслан Қайратұлы- ІІ орын;
«Шалқалап жатып денені көтеру» сайысы бойынша Газизова Алина Талғатқызы-ІІ орын;
«Пневматикалық мылтықтан ату» сайысы бойынша Газизова Алина Талғатқызы-ІІІ орын;
Қайсар мінезді жас сарбаздарымыз мен жетекшілері Демеуов Русам Иосифовичті кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтап, республикалық кезеңге жолдама алған Амангелдиева Азизаға сәттілік тілейміз!