Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Ақжайықтың ақ шағаласымен кездесу

Зейнолла Қабдолов "Мен Оралды үш қызы арқылы жақсы танимын: біріншісі-аңыз болған Қыз Жібек, екіншісі-батыр туған Мәншүк, үшіншісі- өзіндік мінезі мен үні бар ақын Ақұштап"-деген екен.

Міне, сол туған жерін өлең арқылы өзгелерге танытып, өзі түлеп ұшқан мектебін " Он бірінші мектебі Оралымның" деп жырына қосқан ақын апамызбен бүгін,сәуір айының 28-і күні әдемі кездесу кеші өтті.

Кеш тізгінін мектебіміздің 2003 жылғы түлегі Жидегүл Аманғали алып, әдемі сұхбаттың куәгері болдық.

Тағылымға толы кездесуге оқушылармен қатар, аналары да қатысып, жүрегі елім деп, әділдік деп соққан Ақұштап ақынның өнегелі әңгімелерін, келелі кеңестерін,сіңліге сырларын ұйып тыңдады, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Кеш соңында мектеп директоры 100 жылдыққа арналған арнайы медальді ақын апамыздың кеудесіне тағып, естелікке мектеп тарихынан сыр шертетін "Сәкен мектебі- ғасыр биігінде" атты кітапты сыйға тартты.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44