2025 жылдың 29-30 сәуір күндері «Дарын» қосымша білім орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткен болатын.
Біздің мектептен қатысқан оқушыларымыз төмендегідей нәтиже көрсетті:
І орын және республикалық кезеңге жолдама алғандар:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Алмаз Маһназ, 7-сынып оқушысы (жетекшісі- Т.А. Ахметуллаева);
Даулетова Адина, 8-сынып оқушысы (жетекшісі – С.Ж. Ахметкалиева);
Математика пәнінен Жаксыбай Айсана, 7-сынып оқушысы* (жетекшісі-А.С.Тулешева);
ІІ орын иегерлері:
География пәнінен Ерсайын Арслан, 7-сынып оқушысы (жетекшісі-Ш.К.Уйсимбаева);
Ағылшын тілі пәнінен Жеңіс Айкөркем, 8-сынып оқушысы (жетекшісі-Э.Г.Утепова);
ІІІ орын иегерлері:
Биология пәнінен Ерғазы Алихан, 7-сынып оқушысы (жетекшісі-Ж.М.Дәулетбаева);
Ағылшын тілі пәнінен Хасан Малика, 8-сынып оқушысы (жетекшісі-Д.Е.Айткалиева);
Алғыс хат иегерлері:
Ағылшын тілі пәнінен Еспосын Айзере, 7-сынып оқушысы (жетекшісі-Ж.Б.Нұрмахова);
Тарих пәнінен Тұрғали Алижан, 8-сынып оқушысы (жетекшісі-А.С.Әлмұқан);
Математика пәнінен Есмағұл Шәрбану, 7-сынып оқушысы (жетекшісі-Гф.Қ.Мусагалиева);
Биология пәнінен Жеңіс Диас, 8-сынып оқушысы (жетекшісі-Ш.Т.Қаратаева);
География пәнінен Ғылым Дастан, 8-сынып оқушысы (жетекшісі-Ш.К.Уйсимбаева).
Барлық мектеп намысын қорғаған оқушыларымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңімпаз оқушыларымызға республикалық кезеңде де жеңіс тілеп, сәттілік серік болғай дейміз!