3 мамыр күні қаламыздағы «Жайық арена» спорттық кешенінде мектебімізде 2010-2011 оқу жылынан бастап өткізіліп келе жатырған дәстүрлі ХҮ «Көктем балы» мәдени шарасы өтті.
Жоғары сынып оқушылары асыға күтетін ортақ мерекеге айналған бұл шараның басты мақсаты- білім алушылар арасында достық пен өзара ынтымақтастық орната отырып, мәдениеттілік пен биік талғампаздыққа бауу, эстетикалық тәрбие беру.
Жүйелі түрде жалғасып келе жатқан жарқын шараға биыл барлығы 222 адам қатысып (164 оқушы (8-11 сынып), 38 мұғалім, 20 хореография класының қыздары), әр түрлі жанр мен бағыттардағы би түрлерінен өнер көрсетті.
“Көктем балының” жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ат салысқан Өнер мектебі ұжымына, би қоюшы-хореографтар Аслан Тілеуғалиев пен Айзада Журалиеваға, қолдаушы ұстаздар мен ата-аналарға шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Еркін елдің өресі биік өнерлі ұрпағын тәрбиелейтін “Көктем балы” жалғаса берсін!
#Сәкенмектебі #11мектеп @өнер #бқобілімбасқармасы #оралқаласы #дарынреспубликалықғылымипрактикалықорталығы #көктембалы #хореография #бишілер