2025 жылдың 5 мамыр күні «Дарын» қосымша білім орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілген болатын.
Білім бәйгесіне қатысқан оқушыларымыз төмендегідей нәтиже көрсетті:
1-орын және республикалық кезеңге жолдама алған оқушылар:
Математика пәні бойынша
Ерғазы Кемелхан, 5-сынып оқушысы (жетекшісі-К. Е. Аяпбергенова);
Алибеков Алихан, 6-сынып оқушысы (жетекшісі-А.А. Жанадилова);
2-орын
Ағылшын тілі пәні бойынша
Хайруллина Карина, 6-сынып оқушысы ( жетекшісі-М. С. Джуламанова);
3-орын
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша
Аманғали Кәусар, 5-сынып оқушысы (жетекшісі-Д.Е.Уразалиева);
Исламғали Айша,6-сынып оқушысы (жетекшісі- А.Т. Тастемирова);
Орыс тілі пәні бойынша
Фазылов Нурали, 5-сынып оқушысы (жетекшісі- М.З.Курмашева);
Нурболатова Диана, 6-сынып оқушысы (жетекшісі-С. Х. Кадралина);
Ағылшын тілі пәні бойынша
Бекешев Ади, 5-сынып оқушысы (жетекшісі-М.Е. Уразалина);
Алғыс хатпен марапатталған оқушылар:
Жаратылыстану пәнінен 6-сынып оқушысы Сағи Бахтияр (жетекшісі-Ж. М. Даулетбаева);
Қазақстан тарихы пәнінен 6-сынып оқушысы Уажіп Іңкәр (жетекшісі-Т. Н. Зулпкарова);
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сынып оқушысы Шапағат Аяла (жетекшісі-Д. Е. Уразалиева)
Білім додасына қатысып бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз таусылмасын.
Жеңімпаз оқушыларымызға республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!