«Сәкен жұлдыздары – 2025»
✨Бүгін мектебімізде жыл бойы жеткен үлкен жетістіктердің лайықты жемісі ретінде ерекше бір салтанатты шара өтті. ????
✨Халықаралық және республикалық деңгейдегі білім бәйгесінде топ жарып, жүлдегер атанған оқушыларымыз - пәндік олимпиада жеңімпаздары, ғылыми жобалардағы үздіктер,техникалық модельдеу жарыстарының тарландары- бәрі бүгін сахна төрінде жарқырады.
✨«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,
Тұлпардан тұлпар озар шабысқанда» демекші, білім додаларында облыстың, еліміздің атын асқақтатқан жас жұлдыздарымыз шараның бірінші бөлімінде өз әсерлерімен бөлісіп, ізбасарлары үшін шабыт сыйлайтын құнды ойларын ортаға салды.
✨Сонымен қатар, шараның екінші бөлімінде мектеп директоры Ш.М.Зулкашева жеңімпаз оқушылар мен олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Өз сөзінде биік белесті бағындырған шәкірттердің жетістігі – ең алдымен маңдай тер мен табандылықтың, ата-ананың қамқорлығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
✨Кейін ата-аналарға алғыс хаттар, оқушыларға «Сәкен дарыны» номинациясы мен естелік сыйлықтар және ұстаздарға шәкірт қолынан гүл шоқтары табысталды.
✨Бұл жеңістер тек оқушылардың емес, ұстаз бен ата-ананың ортақ жеңісі!
Сапалы білім, шынайы қолдау, берік сенім – міне, бүгінгі жеңіс формуласы! ????
#СәкенЖұлдыздары2025 #МектепМақтанышы #БілімЖарысы #ДарындыҰрпақ #ҰстазҒажапЖан