Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мамыр айының 16-сы күні республикалық "Батыс Teacher’s TUR" слеті өтті

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІК ✅Бүгін, мамыр айының 16-сы күні қаламыздағы №51 ЖОББМ базасында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен педагог-шеберлердің іс-тәжірибесімен бөлісу және жаңашыл идеяларды тарату мақсатында республикалық "Батыс Teacher’s TUR" слеті өтті. ✅Әр өңірден келген педагог-шеберлер мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысқан «Дарындылық – табиғаттың сыйы, мектеп – оны шыңдайтын орта» атты тәжірибе алаңында мектебіміздің 11 педагог-шебері түрлі форматта өздерінің әдістемелік және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті. ✅Педагог-шебер ұстаздарымыз өз тақырыптары арқылы дарынды оқушымен жұмыс істеудің тиімді жолдарын, шығармашылық пен шабыттың маңызын, мұғалімнің шәкірт дамуындағы рөлін айқындап көрсетті. Сонымен қатар, әр баланың қабілетін ашу, функционалдық сауаттылықты арттыру және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту жөнінде тың идеялар мен нақты тәжірибелерімен бөлісті. Әр оқушы жарқырауға лайық, ал мұғалім – сол жарықты оятатын шырақшы

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44