18-21 мамыр күндері Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өткен болатын. Білім бәйгесінде оза шапқан мектебіміздің дарынды оқушыларының бірі Даулетова Адина (8-сынып) топ жарып, жүлделі 3-орын иеленді.
Жүлдегер оқушымыз бен жетекшісі Ахметкалиева Светлана Жуковнаны жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алар асуларың, бағындырар белестерің таусылмасын, Адина! Жарайсың!