Еңбекпен келген құрмет-шынайы марапат!
Мамырдың 29-ы күні мектебімізде ерекше әрі маңызды шара өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деген жарлығына сәйкес «Кәсіби триумф» жобасы аясында еңбегімен ұжымға өнеге болып, қарапайым қызметтің қадірін арттырған, көп жылдар бойы адал еңбек етіп, зейнет жасына жеткен аяулы жандарды құрметтеп, зейнетке шығарып салдық.
Біздің мектеп — үлкен отбасы. Бұл отбасының әрбір мүшесі, оның ішінде зейнетке шыққалы отырған әріптестеріміз мектептің тыныс алуына өз үлестерін қосып, тәртіп пен тазалықты қадағалап, күн сайын ардақты, маңызды еңбек атқарды. Бұл шара осы ізгі жандардың ерен еңбегін бағалау мен құрмет көрсетуге, қоғамға пайдалы еңбектің қадірін ұлықтауға арналды.
Зейнетке шыққалы отырған апайларымыз сұхбат барысында өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, біз үшін тұшымды,маңызды ойларымен бөлісті.
Шара барысында мектеп директоры Шынар Мулкайевна мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Динара Иманбайқызы өздерінің құттықтау сөздерін айтып, зейнетке шығып жатырған қызметкерлермен қатар, білім ордамыздың тыныс-тіршілігіне елеулі еңбек сіңіріп, еңбегімен ерекше көзге түскен басқа да ұжым қызметкерлерін кәсіби жетістіктері үшін марапаттады.Сонымен қатар, "Үздік қызметкер-2025" атанған Кунслу Каримжановнаға кәсіподақ атынан ақшалай сыйлық табысталды
Зейнет — жаңа өмір кезеңі. Зейнет жасына қадам басқан аяулы жандарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен шаттыққа толы күндер тілейміз!