Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

ҰБТ-дан 135 балл!

Жетістікке жеткен жас дарын!

Бүгін біз ерекше қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді.

Біздің мақтанышымыз, білімге деген ынтасы мен табандылығымен ерекшеленген зияткер оқушымыз Меңдіғали Назерке ҰБТ-дан 135 балл жинап, облыс бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Назерке-Сәкен мектебінің 11 "Б" сынып оқушысы, "Жыл таңдауы-2025" аталымының иегері, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы.

7-сыныптан бері химия-биология бағыты бойынша білім алып, үздік оқушылар қатарынан көрініп келе жатырған Назеркенің арманы-болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу.

Осы жетістік болашақ талапкерлерге шабыт болсын! Армандарыңыздан ешқашан бас тартпаңыздар: еңбек бәрін жеңбек!

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44