Мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Жамбұл Жансая Италияның Бари қаласындағы беделді LUM University-нен оқуға шақырту алды!
Жансая біздің мектебімізде 7-сыныптан бастап оқып келеді. Ол – әрдайым өзінің білімге деген ынтасымен, табандылығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленген оқушы.
Оқу бағыты: Химия-биология
Халықаралық IELTS сертификатының иегері
Арманына нық қадаммен келе жатқан үздік түлек!
Жансаяның жетістігі – тек жеке табыс емес, ол өзгелерге жігер мен үміт сыйлайтын үлгі.
Жансая, біз бұл сенің алғашқы жеңістеріңнің бірі екеніне сенімдіміз, алда әлі бағындырар талай асуларың бар! Жаңа белестерге жолың әрдайым ашық болсын!