11 «В» сынып оқушысы Серикова Акнур Абзаловна "НАРХОЗ" университетінің 100% ішкі грантын жеңіп алды!
Таңдау пәндері: География-Математика
Сонымен қатар, Акнур қаңтар ҰБТ-сында көрсеткен жоғары (137 балл) нәтижесінің арқасында "Geocamp-2025" бағдарламасының жолдамасын ұтып алды; Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің финалисі.
Акнұр, сенің бұл табысың — талпынысың мен еңбегіңнің нәтижесі.
Саған болашақта білімнің шыңына шығып, кәсіби маман болып қалыптасуыңды, өз салаңның үздігі атануыңды тілейміз!