Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Жылдар жалғасып, жүректер тоғысты…

Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн!
1965 жылы алтын ұя мектебіміздің табалдырығынан түлеп ұшқан қадірлі түлектеріміз қайта оралды!

60 жылға жуық уақыт өтсе де, жүректерінде мәңгі сақталған мектепке деген сағыныш пен ыстық ықылас – бізге үлкен өнеге. Бірге өткен күндер еске оралды, естеліктер қайта жаңғырды.

Ұстазға деген алғыс, мектепке деген махаббат, достықтың мәңгілік екені – осы кездесуден анық сезілді.
Олармен жүздесу – бүгінгі ұрпақ үшін де үлкен тәрбие сабағы болды.

Кездесуден естелік видеоны назарларыңызға ұсынамыз!

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44