Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

ҰБТ-дан 134 балл!

Сергеева Айдана - 134 балл ҰБТЖетістікке жеткен жас дарын!

Мектебіміздің мақтанышы — 11 "В" сынып оқушысы Сергеева Айдана Ұлттық бірыңғай тестілеуден 134 балл жинап, керемет нәтиже көрсетті!

Айдана — білімге құштар, еңбекқор, мақсатшыл оқушы. Таңдау пәндері – информатика мен математика, болашақта ақпараттық технология саласы бойынша білікті маман болуды мақсат етіп отыр.

Оқу бағыты: Информатика-математика

Халықаралық IT сертификаттарының иегері

Арманына нық қадаммен келе жатқан үздік түлек!

Айдананың жетістігі – тек жеке табыс емес, ол өзгелерге жігер мен үміт сыйлайтын үлгі.

Айдана, біз бұл сенің алғашқы жеңістеріңнің бірі екеніне сенімдіміз, алда әлі бағындырар талай асуларың бар! Жаңа белестерге жолың әрдайым ашық болсын!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44