Бүгін мектебімізге 1980 жылы осы алтын ұядан түлеп ұшқан ардақты түлек, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарман қатысушысы, саяси қуғын-сүргінге ұшырағанымен ақталған, өр рухты азаматша - Белгебаева Гүлбану қонаққа келді.
Сол бір ызғарлы күндерді еске алып, қас-қағым сәтте алаңға шығып, ұлт намысын қорғауға қалай бел буғанын тебірене әңгімеледі. Желтоқсанның аязды күндері алаңда өткізген ауыр сәттері — әрбір тыңдаушының жүрегін елжіретпей қоймады.
Кейіпкеріміз көтеріліске сіңлісімен бірге қатысып, нағыз ерлік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті. Сол бір қайсар күндердің куәсі ретінде бүгінгі ұрпаққа ақиқат пен азаттықтың құнын жеткізді.
Бүгінгі кездесуде апамыз мектеп кезіндегі жарқын естеліктерімен де бөлісті. 4 дауысты хорда ән айтып, мәдени шаралардың бел ортасында жүргенін, сол заманда мектептің әлеуметтік жағынан толық қамқорлық көрсеткенін – жылы киіммен, керек-жарақпен қамтамасыз еткенін сағынышпен еске алды.
Мұндай кездесулер – жас ұрпаққа үлгі, рухани тәрбие мен тарихи сананы қалыптастырудың қайнар көзі. Батыр апамызға жүрекжарды алғысымызды білдіреміз!