Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

ҰБТ-дан 131 балл!

Жетістікке жеткен жас дарын!

Мектебіміздің үздік түлегі — 11 “б” Түмен Аружан Ұлттық бірыңғай тестілеуден 131 балл жинап, керемет нәтиже көрсетті! 

Аружан – мектеп табалдырығын 1-сыныптан бастап аттаған, білім мен тәртіптің жарқын үлгісі. Ол оқу барысында өзін жан-жақты дамыған, үздік оқушы ретінде көрсетіп, химия пәні бойынша республикалық олимпиадалардың жүлдегері атанды. Қазіргі таңда “Алтын белгіге” үміткер.

Бұл жетістік – Аружанның талмай ізденген еңбегінің, ұстаздарының бағыт-бағдары мен ата-анасының қолдауының нәтижесі.

Біз осындай зерек, табанды, дарынды түлекті тәрбиелегенімізге шын жүректен қуаныштымыз!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44