Бүгін біздің мектебімізде «KazRobotics» спорттық робототехника федерациясы мен Сәкен мектебі ұйымдастыруымен “KazRoboSport-2025” спорттық робототехника чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі өтті!
Жарысқа қатысқан командалар:
- Бөкейорда
- Қазталов
- Тасқала
- IT лицей
- Назарбаев Зияткерлік мектебі
- №28 мектеп-лицей
- Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы
- С.Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицей-интернаты
Бүгінгі жарыс келесі 4 санат бойынша өтті:
- Роботрейс
- Робосумо (Федерация жарысы)
- DCL дрон симуляторы
- Арқан тарту (мектептің қосымша облыстық жарысы)
Қатысушылар заманауи технологияларды меңгеріп, өзара тәжірибе алмасты. Әр команда өз роботтарын сайысқа қосып, ептілік пен тапқырлықтарын көрсетті!
Бұл чемпионат – болашақ инженерлер мен жаңашыл жастарға берілген үлкен мүмкіндік!