Бүгін мектебімізде 11-сынып бітіруші түлектерге арналған аттестат табыстау салтанатты шарасы өтті. Биылғы оқу жылын 80 түлек аяқтап, оның ішінде 7 оқушы “Алтын белгі”, 8 оқушы “ Үздік аттестат” иегері атанып, білімдегі жоғары жетістіктерімен куантты.
Бұл – оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың талмай сіңірген еңбегінің жемісі.
Түлектерімізге жарқын болашақ, білім жолында толағай табыстар тілейміз!