Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Бүгін мектебімізде отбасылық құндылықтарды дәріптеген, жүрекке жылу сыйлаған ерекше күн өтті!

Ұрпақ пен ұстаным үндескен, тәрбие мен татулық тамыр жайған бұл мерекелік күнде ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар бір арнада тоғысты.

"Отбасы – тәрбие бастауы" деген ұстанымды негіз еткен игі шаралар көпшіліктің көңілінен шықты.

КҮН БОЙЫ ӨТКЕН ШАРАЛАР:

  • Ата-аналар үшін ашық есік күні;
  • Ата-аналардың сабақтарға қатысуы, ұстаздармен кездесу;
  • «Отбасым – ұлы бірлігім» кездесу-кеші;
  • Эко-жәрмеңке: аналар дайындаған қолөнер, пайдалы өнімде;
  • Сурет байқауы: отбасылық құндылықтарды бейнелеу;
  • «Толағай» жанұялық спорттық жарыс пен флешмоб;
  • «Өнерімен жарасқан отбасы» қойылымдары, мәнерлеп оқу;
  • «Отбасымның мамандықтары» көрініс-кездесу;
  • «Ананың алақаны» фотожоба мен презентациялар;
  • Мылтық ату, волейбол жарыстары – ата-аналар мен оқушылардың бірлігін паш етті!

Бұл шара тәрбиенің бастауы отбасында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тәрбие бөлімі, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар бірлесе отырып ұйымдастырған мазмұнды бағдарламалар әр жанұяның жүрегіне шаттық ұялататқанына сенімдіміз.

Бірлік бар жерде – береке бар екенін естен шығармайық!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44