21 маусым күні, Алматы қаласында өткен халықаралық «Алматы дарындары» өнер байқауында мектебіміздің оқушысы Жанбулат Мөлдір жеке би номинациясы бойынша I орынды жеңіп алды!
Өнер мен шеберлікті ұштастыра білген Мөлдірдің бұл жеңістегі талантты жетекшісі - Айзада Журалиева.
Осындай үлкен додада оза шапқан шәкіртімізге шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!
Жетістіктер жалғасын таба берсін!