Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

  1.   1. Директордың тәрбие  жұмысы жөніндегі   орынбасары – 1 бірлік- тұрақты

  Үміткерлерге қойылатын  талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы, не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы,  білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.         

         Функционалдық міндеттері: Тәрбие  процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;    тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; ұйымдастырушы педагогтың, сынып кураторларының, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;  тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;  тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;        мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

            Еңбекақы  мөлшері  - 192 188  мен  233 600 теңге  аралығында

 

 

2.. Директордың Өнер мектебі  бойынша  орынбасары – 1 бірлік- тұрақты

  Үміткерлерге қойылатын  талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе)  жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы,  білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.

  Функционалдық міндеттері:  Мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеуді және эстетикалық дамытуды жүзеге асырады;  Өнер  мектебі педагогтерінің  жұмысын ұйымдастырады;     музыкалық және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен жеке жұмыс жүргізеді, дарынды білім алушыларды анықтайды; білім алушылармен жұмыс практикасына инновациялық тәжірибені енгізеді; білім алушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен білім алушыларға  консультация береді; жан жақты даму деңгейлерін қадағалайды;    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

 

           Еңбекақы  мөлшері  - 192 188  мен  233 600 теңге  аралығында

 

 

 

                  Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурска қатысу туралы өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
  6. Денсаулық жағдайы  туралы  анықтама
  7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
  8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. Бағалау парағы
  11. Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)
  12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

 

   Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін  келесі жұмыс  күннен бастап  7 жұмыс күні  ішінде hr.nobd.edu.kz  электрондық базаға  немесе мына мекен-жайға  ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Мұхит  көшесі 37,  электрондық  почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

 

 

 

 

Директордың  м.а.                               З.Т. Магзумова

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44