Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Ұлы Абайға — 180 жыл

Бүгін — халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы, данышпан ойшыл, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.

Абай — қазақ әдебиетінің темірқазығы, ұлттық руханиятымыздың биік шыңы. Ол артында мол мұра қалдырды: терең ойлы өлеңдер, кемел қара сөздер, адамзатқа ортақ гуманистік идеялар. Абай бізге тек ақын емес, ұстаз, тәрбиеші, ойшыл ретінде мәңгілік өнеге.

Мектебімізде осы айтулы күнге орай түрлі іс-шаралар өтті: Абай оқулары, мәнерлеп оқу байқауы, эссе жазу және шығармашылық кештер. Бұл — ұлы тұлғаның мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу жолындағы маңызды қадам.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44