Бүгін қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай қаламыздағы Абай ескерткіші орналасқан алаңда облыстық деңгейдегі мерекелік шара өтті.
Шараға облыс әкімі бастаған зиялы қауым, мемлекет және қоғам қайраткерлері, білім беру саласының өкілдері, соның ішінде біздің мектептің педагогтері де белсене қатысты.
Іс-шара барысында Абайдың өнегелі өмірі мен мол мұрасы кеңінен насихатталып, ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Бұл — жастарды рухани байлыққа, адамгершілікке, білім мен өнерге үндейтін маңызды мәдени сәт болды.
Абай мұрасы — ұлттың рухани қазынасы. Оның сөзі де, өнегесі де — мәңгілік.