Бұл-жыл сайын оқу жылы қарсаңында өткізілетін республикалық қайырымдылық акциясы. Ол әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.
? өткізу мерзімі:
1 тамыз-30 қыркүйек аралығы
? мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде көмек көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша мектепке келе алмауының алдын алу.
??кімдерге көмек көрсетіледі?
•Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
•Көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға
•Мүгедектігі бар балалар
•Төтенше жағдайлардан зардап шеккен балалар
•Қиынөмірлік жағдайға тап болған өзге де балалар
?көрсктілетін көмек түрлері:
•мектеп формасы
•канцеляриялық құрал-жабдықтар
•сөмке, аяқ киім, оқулықтар
•материалдық және өзге де атаулы көмек.