Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2025 жылдың 25-28 шілде күндері бос жұмыс орындарына жарияланған конкурсқа үміткерлер ҰБДҚ / НОБД жүйесіндегі «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулі арқылы құжаттарын тапсырған болатын.
ҰБДҚ / НОБД жүйесіндегі «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулі қолжетімсіз болғандықтан конкурс өткізілмеді. Әділеттік қағидасын сақтау мақсатында төмендегі бос жұмыс орындарға қайта конкурс жариялайды.
1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 бірлік- тұрақты
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы, не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; ұйымдастырушы педагогтың, сынып кураторларының, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады; педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді; мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Еңбекақы мөлшері - 192 188 мен 233 600 теңге аралығында
2. Ұйымдастырушы педагог – 1 бірлік- уакытша /негізгі қызметкерлердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне – 27.07.2026 ж. дейін /
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымдары білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды; таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі; клубтар, үйірмелер, секциялар жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмысты ұйымдастырады; ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік бағыттардың бірін басқарады; бос уақытты, мерекелерді, жорықтарды, экскурсияларды, ойын-сауықтарды ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды; балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады; іс - шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Еңбекақы мөлшері - 106 518 мен 148 301 теңге аралығында
3. Математика пәнінің мұғалімі - 2 бірлік - уакытша /негізгі қызметкерлердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне – 01.06.2026 ж. дейін /
Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді. Білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестерге қатысады. кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында
4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 1 бірлік – түрақты
Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді, журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады. Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады. Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді. Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурска қатысу туралы өтініш
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама
7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10. Бағалау парағы
11. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде /ағымдағы жылдың 18-26 тамыз күндері/ қағаз түрінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Мұхит көшесі 37, электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Мектеп директоры Ш. Зулкашева