Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
1. Математика пәнінің мұғалімі - 2 бірлік - уакытша /негізгі қызметкерлердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне – 01.06.2026 ж. дейін /
Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді. Білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестерге қатысады. кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурска қатысу туралы өтініш
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама
7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10. Бағалау парағы
11. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде / 03.09 -11.09.2025/ мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Мұхит көшесі 37, электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Директор Ш.М. Зулкашева