Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
1. Концертмейстер – 2 бірлік /тұрақты/
2. Фортепионо пәнінің мұғалімі –1 бірлік /тұрақты/
3. Хореограф – 1 бірлік /тұрақты/
Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеуді және эстетикалық дамытуды жүзеге асырады; музыкалық және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен жеке жұмыс жүргізеді, дарынды білім алушыларды анықтайды; білім алушылармен жұмыс практикасына инновациялық тәжірибені енгізеді; білім алушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен білім алушыларға консультация береді; жан жақты даму деңгейлерін қадағалайды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурска қатысу туралы өтініш
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама
7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10. Бағалау парағы
11. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде / 26.09 -06.10.2025/ мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Мұхит көшесі 37, электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Директор Ш.М. Зулкашева