Аптаның дәйексөзі: «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім».
Тәрбие сағаттарымыздың тақырыбы – «Отбасындағы сыйластық».
Отбасы – адамның өміріндегі ең қымбат қазына. Әке – асқар тау, ана – мейірім бұлағы, бала – болашағымыздың айнасы. Отбасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік – бақытты өмірдің негізі.
Тәрбие сағаттарында оқушылар отбасының маңызы, ата-анаға құрмет көрсету, бір-біріне қолдау білдіру жайлы ой бөлісті. Өз ойларын ортаға салып, жүрекжарды пікірлерімен бөлісіп, отбасы құндылықтарының мәнін тағы бір мәрте түсінді.
Осындай тәрбиелік сағаттар арқылы жас ұрпаққа мейірім, сыйластық, қамқорлық сынды асыл қасиеттерді дарыту – барлығымыздың ортақ мақсатымыз.