Бүгін 10 “А” сыныбының оқушылары арасында Тілдер мерекесіне орай ТEDx форматында ерекше тағылымды шара өтті.
Шара барысында оқушылар күнделікті өмірдегі тіл қолданысына сыни көзбен қарап, қазақ тіліне басымдық беру – міндет емес, азаматтық жауапкершілік екенін атап өтіп, ана тіліне деген құрметтің ең алдымен өзімізден басталуы қажет екенін дәлелді ойлармен жеткізді.
Олар:
▪️ Тілді сақтау – тек мемлекеттік саясат емес, әр адамның саналы таңдауы екенін;
▪️ Баланың алғашқы тәрбие ортасы – отбасы мен мектеп екенін;
▪️ Өзге тілге ұмтылмас бұрын, ана сүтімен даритын қасиетті туған тілін меңгеру керектігін;
▪️ Өз тілін қадірлеу ұлтты сақтап қалудың басты кепілі екенін айтып, өзекті мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының қазақ тілін шұбарламай, таза, сауатты сөйлеу лері үшін бірқатар құнды ұсыныстарын да ортаға салды. Алдағы уақытта бұл ұсыныстар ескеріліп, арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізетін болады.
Тіл – ұлттың жаны.
Оны сақтау – әрқайсымыздың қолымызда.