Бүгін мектебімізде «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында жаңа оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
? Жиналыс барысында ата-аналар комитетінің жұмысы, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, мектеп формасының талаптары, буллингтің алдын алу сынды маңызды мәселелер талқыланды.
? Сонымен қатар сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мен мүшелері сайланды.
Баланың тәрбиесі – тек мектептің ғана емес, ең әуелі ата-ананың да үлкен жауапкершілігі. Бірлесе отырып, балаларымыздың болашағын жарқын етейік!