Бүгін мектептің ата-аналар комитеті «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің ортақ құндылықтары» тақырыбында бас қосты.
Бұл жиында ата-ана мен мектептің бірлесе әрекет етудегі ортақ жауапкершілігін айқындап, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу маңызды екендігі талқыланды.