Бүгін оқушыларымызбен бірге «Dalacrafts_oral» құмыра жасау орталығына барып, саздан бұйым жасаудың қыр-сырымен таныстық.
Балалар өз қолдарымен құмыра жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Бұл тәжірибе оларға өнер мен кәсіптің құндылығын ұғындырып, шыдамдылық пен еңбекке құрмет сезімін қалыптастырды.