Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абай айтқан асыл сөз» атты облыстық мектептер арасындағы байқауда 9 «А» сынып оқушысы Даулетова Адина ерекше қабілетімен көзге түсіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жеткен жетістігімен шәкіртімізді және жетекшісі Ахметкалиева Светлана Жуковнаны құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!