Жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық “Махамбет оқулары” байқауының “Шашақты найза, шалқар күй” Махамбет күйлерін орындау бағыты бойынша белсенді қатысқаны үшін дипломымен 9А-сынып оқушысы Тұрақ Артур (мұғалімі Байжиенова Агерке Орыновна), “Ұлы арман” Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша белсенді қатысқаны үшін дипломмен Жумагулова Молдир (мұғалімі Таскенова Айымгүл Оралқызы) марапатталды. “Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер” тақырыбында ғылыми зерделеу бағыты бойынша 9А-сынып оқушысы Анаисова Асия (мұғалімі Байжиенова Агерке Орыновна) ІІІ орын, “Ер құтқарар ел едім …” Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша 10А-сынып оқушысы Сатканова Газиза (мұғалімі Таскенова Айымгүл Оралқызы) ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекші ұстаздарын құттықтаймыз. Жаңа жетістіктер мен асқақ белестерге жете берулеріңізге тілектеспіз!