Бүгін мектебімізде ерекше мәнге толы, жүрекке жылу сыйлаған тағылымды күн өтті.
Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген бұл шарада ардагер ұстаздарымыз алтын уақыттарын бөліп, шәкірттері мен жас әріптестеріне тағылымды әңгімелерін арнады.
Ардагер ұстаздарымыз сабақтарға қатысып, өздерінің бай тәжірибесімен бөлісті. Әрбір естелігі – тарих, әрбір кеңесі – өшпес өнеге. Олардың жүрекжарды сөздері жас ұрпаққа жігер беріп, ұстаздық жолдың асыл мұрат екенін тағы бір дәлелдеді.
Бұл кездесу – білім мен тәрбиенің, өткен мен келешектің, ардагер мен жас буынның алтын көпірі.
Ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсеткен қымбатты ардагер ұстаздарымызға шексіз алғыс айтамыз!
















































