Мектебіміздің төрінде жүрекке жылы, тағылымға толы мерекелік кеш өтті. Ардагер ұстаздарымызға арналған бұл ерекше сәтте шәкірттер жүрекжарды ән-жырларын арнап, жас ұстаздар ыстық ықыластарын білдірді. Арнайы сахналық қойылымда әр буын ұстаздардың сабақтастығы көрініс тапса, қымбатты ардагерлеріміздің тілектерінен тағылым мен өнеге өрілді.
Ұрпаққа өнеге болған ардагер ұстаздардың әрбір сөзі – асыл тағылым, әрбір сіңірген еңбегі – өшпес тарих.
Олардың өмір жолы – біз үшін шамшырақ, болашақ үшін мәңгілік үлгі.
Құрметті ардагер ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды, өнегелеріңіз жүрегімізде мәңгілік сақталады!
















































