Мектебімізде стритболдан «Saken Cup» ашық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жарыс үш жас санаты бойынша — U-12, U-14 және U-16 топтарында өтті.
Бұл додаға біздің мектеп командасымен қатар Top Taim, СК «Алау» және «Феникс» жеке баскетбол мектептерінен барлығы 20 команда қатысып, өзара мықтылықтарын сынады.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтіп, жас спортшылар өз шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы:
🏅 U-12:
1 орын — Top Taim
2 орын — СК «Алау»
3 орын — Сәкен мектебі
🏅 U-14:
1 орын — Top Taim–1
2 орын — Top Taim–2
3 орын — СК «Алау»
🏅 U-16:
1 орын — Top Taim–1
2 орын — Сәкен мектебі
3 орын — Top Taim–2
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жарыс — жас спортшылардың дамуына, достық пен спорттық рухтың нығаюына үлкен үлес қосты.
👏 Осы турнирдің өтуіне қолдау көрсеткен демеушіміз, мектебіміздің 1993 жылғы түлегі — Абдрахман Нұржанға ерекше алғыс білдіреміз! Сіздің қамқорлығыңыз бен жанашырлығыңыз жас буынға үлгі, мектеп спортын дамытуға қосқан зор үлесіңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Жеңістеріміз көп болсын!
«Сәкен мектебі» спортшыларына табыс пен жаңа биіктер тілейміз!
















































