Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Әлеуметтік серіктестік – болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік!

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, оқу жұмыстары жөніндегі проректор Нұркен Маратұлы мен дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицей-интернатының директоры Шынар Мүлкәйқызы әлеуметтік серіктестік орнату бағытында меморандумға қол қойды.

Ортақ мүдделер аясында кадрлар даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бұл келісім – білім мен тәжірибені ұштастыру арқылы болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына жаңа мүмкіндіктер ашады. 

Екіжақты меморандум аясында университет пен мектеп-лицей бірлескен білім беру жобаларын іске асыруды, кәсіптік бағдар беру және танымдық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, оқушылар университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысып, жоғары білім беру жүйесіне ерте бейімделу мүмкіндігіне ие болады. 

Бұл серіктестік – Жәңгір хан университетінің мектептермен тығыз байланыс орнату арқылы сапалы білім беруге және болашақ кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған маңызды қадамы. 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Мурзабаева Айгерим Садыковна
8 (7112) 24-03-44

Электрондық пошта: okshikod11@mail.kz