Бүгін ақыл мен ойдың тоғысқан, шығармашылық пен шабыттың шалқыған сәтіне толы ерекше күн болды.
IQ Академиясының салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтіп, жас дарындар өз білімдері мен өнерлерін жарқырата көрсетті.
“Білім – жарық, ал ой – шексіз!” деген ұранмен бастау алған кешіміз шын мәнінде болашақ көшбасшылардың алғашқы қадамы. Барлық топтардың өнері мен ұйымшылдығы көрерменді тәнті етті.
Жеңімпаздар:
І орын – Ұлы Дала Жастары
Тарихтың тереңінен нәр алып, болашаққа батыл қадам басқан жас буын – сіздерге мың алғыс!
ІІ орын – ZhasStar
Жарқыраған жастардың креативі мен ұмтылысы бәрімізге үлгі болды!
ІІІ орын – Алау тобы
Жігер мен жалынның көрінісі – сахнада алаулаған өнерлеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!
Барлық қатысушыларға үлкен рақмет! “IQ” академиясы – бұл тек бастамасы ғана. Алда – білім мен дамуға толы жобалар, қызықты байқаулар мен жарқын жеңістер күтіп тұр!
















































