2025 жылдың 26 қыркүйек күні «Жақсы орта – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты – ата-аналарға мектеп пен отбасы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, жағымды психологиялық және тәрбиелік ортаны қалыптастыру жолдарын қарастыру болды.
Шара барысында ата-аналармен пікір алмасу, жағдаяттық тапсырмалар өткізілді.. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, баланың жан-жақты дамуы үшін бірлескен әрекеттің тиімділігін атап өтті.
















































