Облыстық “Ақберен” өнер байқауында “Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша Тұрғали Алижан (жетекшісі Ахметкалиева С.Ж.) І орын, “Шешендік, білгірлік сайысы” номинациясы бойынша Мендыбай Аяна (жетекшісі Ахметкалиева С.Ж.) І орын иеленді. “Ұлттық аспапта орындау” номинациясы бойынша Рахимжанова Ранида (жетекшісі Утепкалиева З.К.), “Көркемсөз оқу” номинациясы бойынша Картбай Айгерім (жетекшісі Ахметкалиева С.Ж.) алғыс хатпен марапатталды. Жетістікке жеткен оқушыларымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алижанға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
















































