Мектебіміздің математика пәнінің тәжірибелі мұғалімі, республикалық “Үздік педагог” конкурсының жеңімпазы, педагог-шебер Мусагалиева Гүлмирам Қуанышқызы Батыс Қазақстан облысы әкімінің “Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін” құрметті атағымен және төсбелгісімен марапатталды!
Гүлмирам Қуанышқызы — кәсіби шеберлігімен, жаңашыл идеялары және өңір педагогтерінің кәсіби дамуына қосқан зор үлесімен танылған ұстаз. Ол — республикалық білім мазмұнын сараптау орталығының, сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сараптамалық комиссиясы және облыстық шығармашылық топтың мүшесі, үздік педагогикалық тәжірибені таратып, әріптестеріне үлгі болып жүрген ұстаз.
Бұл марапат — оның тынымсыз еңбегіне, сапалы білім мен шығармашылық ізденіс жолындағы табандылығына берілген жоғары баға.
Гүлмирам Қуанышқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз жана берсін, жетістіктеріңіз еселене берсін!

















































