Астанада «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 8 ұстаздың ішінен 5 педагог үздік деп танылды. Жеңімпаздар тізімі: Гаухар Ажкеева – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-гимназия-интернаты. Асқар Әлмұқан – Қазақстан тарихы пәні мұғалімі, №11 С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты. Динара Имашева – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, №11 С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты. Нұрбол Қырықбаев – қосымша білім беру педагогі, Оқушылар сарайы. Эльмира Сапашева – тарих пәні мұғалімі, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Шыңғырлау ауданы. Салтанатты жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен кәсіби жетістік тіледі. Жеңімпаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі, сондай-ақ 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқау – педагог мәртебесін көтеріп, ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды жоба.

















































